Оқу процесін және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
2024–2025 оқу жылы бойы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүргізілді. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары – рухани-адамгершілік, отансүйгіштік, құқықтық, экологиялық, эстетикалық және еңбек тәрбиесі болды.
Жыл бойы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру, елжандылықты қалыптастыру мақсатында түрлі сынып сағаттары, тақырыптық кездесулер, ашық тәрбие шаралары өткізілді. Мысалы, «Тәуелсіздік – тұғырым», «Патриоттық әндер байқауы», «Көктем аруы «Ана – өмір шуағы», «Ақ әжем»,«Жас сарбаз» ұйымына қабылдау сияқты мерекелік және патриоттық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қызығушылығы мен жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі үйірмелер мен клубтық жұмыстарға тартылып, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар, сенбіліктер, қайырымдылық акциялары, дебаттар, экскурсиялар мен челлендждер өткізілді.
№192 жалпы білім беретін мектептің 11сынып түлектері ағаш егу челленджі -табиғатқа қамқорлық жасау,экологиялық сананы арттыру және жас ұрпақтың қоршаған ортаға жауапкершілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара.Бұл челендждің мәні -оқушылар өздеріне белгіленген уақыт ішінде ағаш отырғызып,экологияны қорғауға өз үлестерін қосты.
Барлық тәрбие шараларында ата-аналармен тығыз байланыс орнатылып, оқушы – мұғалім – ата-ана үштігі негізінде ынтымақтастықта жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыстар оқушылардың тұлғалық дамуына, қоғамда өзіндік орнын табуына және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарға қатысу деңгейін бағалау
Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарға қатысу деңгейі олардың жалпы білім алу процесіндегі белсенділігін, жеке тұлғалық дамуын және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды көрсетеді. Бұл деңгейді бағалау бірнеше көрсеткіш бойынша жүзеге асады:
Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарға қатысу деңгейін бағалағанда, олардың қатысу жиілігі, белсенділігі, қызығушылығы, әлеуметтік дағдылары мен жетістіктері назарға алынады. Бұл көрсеткіштер оқушының тұлғалық және академиялық дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Оқушылардың осы жұмыстарға қатысуы олардың жан-жақты дамуына, қабілеттерін ашуға және әлеуметтенуге үлкен мүмкіндік береді.
2024–2025 оқу жылында оқу үдерісінде заманауи білім беру талаптарына сай бірнеше инновациялық тәсілдер мен технологиялар қолданылды. Бұл әдістер оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, білім сапасын жақсартуға ықпал етті.
Қолданылған инновациялық тәсілдер мен технологиялар:
- Цифрлық білім беру платформалары – BilimLand, Kundelik.kz, Google Classroom арқылы оқу тапсырмалары беріліп, кері байланыс ұйымдастырылды.
- Интерактивті оқыту әдістері – Kahoot, Quizizz, LearningApps сияқты онлайн құралдар қолданылып, білім тексеру ойын түрінде жүргізілді.
- Флиппед-класс (аударылған сынып) әдісі – оқушылар сабақты алдын ала үйде қарап, мектепте тек талдау және тәжірибелік жұмыс жүргізді.
- Жобалық оқыту (PBL) – оқушылар түрлі тақырыптар бойынша шағын зерттеу жобаларын қорғап, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытты.
- STEM элементтері – жаратылыстану пәндерінде тәжірибе, модель құрастыру, логикалық есептер шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері жетілдірілді.