01
июнь
2026
«Күншуақ» жазғы этно лагері өз жұмысын бастады.
«Күншуақ» жазғы этно лагері өз жұмысын бастады
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектебінде «Күншуақ» жазғы лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған лагерь биыл өз жұмысын этнолагерь форматында бастады.
Қазіргі таңда мектепте 1143 оқушы білім алады. Жазғы сауықтыру және демалыс бағдарламасына бастауыш сыныптардан 200, жоғары сыныптардан 50 оқушы, 8топ «Жалын», «Дружба», «Қыран», «Радуга», «Сұңқар», «Улыбка», «Жұлдыз», «Эдельвейс» топтары қамтылып отыр. Лагерьге қатысушылар толықтай ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Лагерь жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар барлық іс-шаралар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда.
Биылғы лагердің басты ерекшелігі – этнолагерь бағыты. Бағдарлама аясында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін танысады.