«Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында профилактикалық жұмыс
2026 жылғы 2–4 сәуірде 11-сынып оқушыларымен «Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – өзін-өзі бағалауды арттыру, өзіне сенімділікті қалыптастыру және жағымды «Мен-концепциясын» дамыту болды. Жұмыс барысында оқушылар өз жетістіктерімен бөлісіп, мақсат қою және өзін қолдау дағдыларын қарастырды. Нәтижесінде олардың өзін-өзі бағалауы нығайып, мотивациясы артты.