Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп жағдайында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық саулығын сақтау және зорлық-зомбылықтың, соның ішінде қорлаудың алдын алу
19
май
2025

Мектеп жағдайында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық саулығын сақтау және зорлық-зомбылықтың, соның ішінде қорлаудың алдын алу

1. Диагностикалық жұмыстар:

- 5–11 сынып оқушылары арасында психологиялық ахуалды бағалау мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді (қорлау, әлеуметтік қатынас, эмоциялық күй).

- Қатерлі топтағы оқушылар анықталып, олармен жеке кеңес жұмыстары ұйымдастырылды.

2. Психологиялық кеңес беру:

- Қорлауға ұшыраған немесе куә болған оқушылармен жеке кеңес жұмыстары жүргізілді.

- Ата-аналарға балаларының мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару және қолдау көрсету бойынша кеңестер берілді.

3. Алдын алу шаралары:

- «Қауіпсіз мектеп» апталығы аясында сынып сағаттары, тренингтер және бейнероликтер көрсету ұйымдастырылды.

- «Бірге болайық – зорлық-зомбылықсыз әлем!» атты психологиялық тренингтер өткізілді.

- Мектеп оқушылары арасында өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында түрлі ұжымдық және топтық ойындар жүргізілді.

4. Серіктестік әрекеттер:

- Мектеп әкімшілігімен, әлеуметтік педагогпен, сынып жетекшілерімен бірлесіп зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кешенді жұмыс жүргізілді.

- ІІБ (ішкі істер бөлімі) инспекторларымен бірлескен кездесулер және құқықтық сауаттылық бойынша ақпараттық жұмыстар өткізілді.

Қорытынды:

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мектептегі психологиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталып отыр. Қорлау фактілерінің алдын алу мен ерте анықтау жүйесі жолға қойылған. Оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.