Тәрбие жұмысы және құқық бұзушылықтың алдын алу
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және қоғамның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда мектепте жүргізілетін тәрбиелік және алдын алу шаралары оқушылардың тұлғалық дамуына, құқықтық санасын қалыптастыруға және жағымсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстауына бағытталған.
Мектебімізде жүргізіліп жатқан тәрбиелік жұмыстар жүйелі түрде жоспарланып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына және қоршаған ортамен байланысына сәйкес ұйымдастырылады. Әсіресе, құқықтық тақырыптағы сынып сағаттары, әңгімелер, кездесулер, тренингтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер – оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, олардың мінез-құлқына оң әсер етеді.
Сондай-ақ, оқушыларды қосымша үйірмелер мен секцияларға тарту – бос уақытты тиімді ұйымдастырудың бір жолы. Осы арқылы жасөспірімдер пайдалы іспен шұғылданып, теріс әрекеттерге бармауға тырысады. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату, ата-аналар жиналыстары мен консультациялар өткізу де алдын алу шараларының маңызды бөлігі болып табылады. Қыркүйектің 3 күні 9-10 сынып оқушылары арасында ДТІЖО, Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімшесінің жасөспірімдер бойынша полиция майоры Нугыманов Ермек Беккалиевич «Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізді. Қазақстан Республикасы қылмыстық кқдексінің 108 бап. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша және ҚР қылмыстық кодексінің 109 бап. Ұрып соғу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында ДТІЖО, Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімшесінің жасөспірімдер бойынша полиция майоры Нугыманов Ермек Беккалиевич Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмаған арасында ұялы телефон ұрлығын болдырмау,қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу,қауіпті суық қару құралдарын ұстамау туралы» және «Жолда жүру ережесі бойынша, есірткі тарату, жыныстық қылмыстар,буллинг,жасөспірімдер арасында түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің алдын-алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында мектеп пен құқық қорғау органдары арасында тығыз байланыс орнату – маңызды талаптардың бірі.
Мектеп пен құқық қорғау құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл оқушылар арасында тәртіп бұзудың алдын алуға, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағыттағы негізгі жұмыстар мыналарды қамтиды:
- Мектеп инспекторымен тұрақты байланыс орнату;
- Құқықтық тақырыптағы кездесулер, дәрістер, семинарлар өткізу;
- Тәртіп бұзуға бейім оқушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу;
- Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сынып сағаттары ұйымдастыру;
- Ата-аналарға құқықтық кеңес беру, жауапкершілігі туралы түсіндіру.
Осындай іс-шаралар нәтижесінде оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыланады. Сонымен қатар, бұл жұмыстар ата-аналардың да бала тәрбиесіне деген көзқарасын нығайтып, оларды мектеппен тығыз қарым-қатынас орнатуға ынталандырады.
Мектебімізде оқушылар арасында кибербуллинг жағдайларын қарастыру және олардың алдын алу шаралары тақырыбында психологиялық жұмыс жүргізілді.
Қарастырылған мәселелер:
- Кибербуллинг дегеніміз не және оның белгілері қандай?
- Интернеттегі қорлау, кемсіту және анонимді қысым көрсету түрлері
- Кибербуллингтің психологиялық әсері: күйзеліс, қорқыныш, жалғыздық, өз-өзіне деген сенімнің төмендеуі
- Жағымсыз жағдай туындағанда кімге және қалай жүгіну керек
- Өз құқықтарын білу және онлайн кеңістікте қауіпсіздікті сақтау жолдары
Алдын алу шаралары:
1. Оқушылармен топтық тренинг және әңгіме жүргізілді
2. Қатысушыларға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндірілді
3. Кибербуллингке қарсы тұрудың тәсілдері мен көмек сұраудың жолдары талқыланды
4. Психологиялық қолдау көрсету орталықтары мен сенім телефондары туралы ақпарат берілді
5. «Қауіпсіз интернет – сенімді орта» атты жадынама таратылды
Қорытынды:
Жүргізілген шара нәтижесінде оқушылар кибербуллинг ұғымын нақты түсініп, мұндай жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгере бастады. Оқушылардың ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында осындай жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру ұсынылады.