Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәрбие жұмысы және құқық бұзушылықтың алдын алу
19
май
2025

Тәрбие жұмысы және құқық бұзушылықтың алдын алу

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және қоғамның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда мектепте жүргізілетін тәрбиелік және алдын алу шаралары оқушылардың тұлғалық дамуына, құқықтық санасын қалыптастыруға және жағымсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстауына бағытталған.

Мектебімізде жүргізіліп жатқан тәрбиелік жұмыстар жүйелі түрде жоспарланып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына және қоршаған ортамен байланысына сәйкес ұйымдастырылады. Әсіресе, құқықтық тақырыптағы сынып сағаттары, әңгімелер, кездесулер, тренингтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер – оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, олардың мінез-құлқына оң әсер етеді.

Сондай-ақ, оқушыларды қосымша үйірмелер мен секцияларға тарту – бос уақытты тиімді ұйымдастырудың бір жолы. Осы арқылы жасөспірімдер пайдалы іспен шұғылданып, теріс әрекеттерге бармауға тырысады. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату, ата-аналар жиналыстары мен консультациялар өткізу де алдын алу шараларының маңызды бөлігі болып табылады. Қыркүйектің 3  күні 9-10 сынып оқушылары арасында ДТІЖО,  Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімшесінің жасөспірімдер бойынша полиция майоры Нугыманов Ермек Беккалиевич «Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет  тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізді. Қазақстан Республикасы қылмыстық кқдексінің 108 бап. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша және ҚР қылмыстық кодексінің 109 бап. Ұрып соғу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектепте  8-11 сынып оқушылары арасында ДТІЖО,  Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімшесінің жасөспірімдер бойынша полиция майоры Нугыманов Ермек Беккалиевич Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмаған арасында ұялы телефон ұрлығын болдырмау,қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу,қауіпті суық қару құралдарын ұстамау туралы» және «Жолда жүру ережесі бойынша, есірткі тарату, жыныстық қылмыстар,буллинг,жасөспірімдер арасында түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің алдын-алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.