Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19
май
2025

Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Мектептегі қауіпсіз орта – оқушылардың білім алуы мен дамуына қолайлы жағдай жасаудың басты шарты. Осы мақсатта білім беру мекемесінде қол жеткізуді басқару жүйесі мен бейнебақылау құралдарының болуы – қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыратын маңызды факторлардың бірі.

1. Қол жеткізуді басқару жүйесі (турникет):

Қазіргі уақытта мектепке кіріп-шығуды бақылау үшін арнайы турникет жүйесі  қолданылуда. Бұл жүйе оқушылардың, қызметкерлердің және бөгде адамдардың қозғалысын тіркеуге мүмкіндік береді.
 Мектепке бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруі шектелген. Бұл оқиғалардың алдын алу мақсатында вахтада журнал толтырылып, әрбір келген қонақ міндетті түрде тіркеледі. Сонымен қатар, оқу орнына кіру тек   мекеме әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге асады.

2. Бейнебақылау жүйесі:

Мектептің ішкі және сыртқы аумақтары толықтай бейнебақылау камераларымен қамтылған.
 
Камералар:

  • Негізгі кіреберіс, дәліздер, асхана, спорт зал сияқты маңызды нүктелерге орнатылған;
  • Тәулік бойы жұмыс істейді және бейнежазбалар жүйеде сақталады (орта есеппен 14 күннен 30 күнге дейін).

Бұл жүйе тәртіп бұзушылық жағдайларын анықтауға, даулы мәселелерді шешуге, сондай-ақ төтенше оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.

Мектептегі қол жеткізуді басқару және бейнебақылау жүйелері – білім беру процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі. Жүйенің жұмысы жалпы алғанда қанағаттанарлық деңгейде болғанымен, оны жаңғырту және үздіксіз бақылау – алдағы уақыттағы басым бағыттардың бірі болып қала береді.


 
Оқушыларға арналған нұсқаулықтар
 Оқушыларға арналған нұсқаулықтар оқу жылының басында, сондай-ақ әр тоқсан сайын жүргізіледі. Нұсқаулықтар барысында оқушылар:

  • Өрт қауіпсіздігі ережелері: Өрт дабылы туралы, эвакуация тәртібі, өрт сөндіру құралдарын қолдану;
  • Электр құралдарымен жұмыс істеу қауіпсіздігі: Электр құрылғыларын дұрыс пайдалану ережелері;
  • Төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету: Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны сияқты төтенше жағдайларда эвакуация тәртібі туралы білім алады;
  • Мектеп ішіндегі тәртіп ережелері: Баспа, дәліз, спорт залы мен асханалардағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі.
  1. Қызметкерлерге арналған нұсқаулықтар
     Мектеп қызметкерлеріне арналған нұсқаулықтар еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібіне бағытталған. Қызметкерлер:
    • Еңбек қауіпсіздігі: Оқу орнының қызмет көрсету аймақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;
    • Өрт сөндіру құралдарын пайдалану: Өрт шыққан жағдайда өрт сөндіргіштерді қолдану, эвакуация жоспарын білу;
    • Төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету: Оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету және эвакуациялау тәртібі.

Өткізілген іс-шаралар:

  • Оқушылармен техникалық қауіпсіздік бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді;
  • Қызметкерлерге еңбек және өрт қауіпсіздігі бойынша теориялық және практикалық нұсқаулықтар жүргізілді;
  • Эвакуация оқу-жаттығулары өткізілді, мұнда оқушылар мен қызметкерлер оқу ғимаратынан жедел және қауіпсіз шығудың жолдарын үйренді.

Қорытынды:
 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізудің нәтижесінде оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениеті артты, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдылары қалыптасты. Жүйелі түрде өткізілген нұсқаулықтар мектепте жарақат алу, өрт шығу сияқты оқыс оқиғалардың алдын алуға септігін тигізді. Осы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізу жоспарланып отыр.

№192 жалпы білім беретін мектепте 2024–2025 оқу жылында 1237 оқушы білім алады. Осындай ауқымды контингентпен жұмыс жүргізілетін білім беру мекемесінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда. Бұл бағыттағы жұмыстар ішкі істер органдарымен және басқа да тиісті құрылымдармен бірлесе отырып жүйелі түрде жүзеге асырылады.

1. Ішкі істер органдарымен өзара әрекеттесу

  • Мектепке учаскелік полиция инспекторы лейтенант Ауелбеков А.С бекітілген. Ол оқу жылы барысында оқушылармен және ата-аналармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын, профилактикалық кездесулер өткізеді;
  • Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ай сайын бақылау жұмыстары жүргізіліп, құқықтық кеңестер беріледі;
  • «Қауіпсіз мектеп», «Құқықбұзушылықтың алдын алу апталығы» сынды профилактикалық іс-шаралар өткізілді;

  • Сабақтан тыс уақытта мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруін болдырмау үшін кезекшілік пен бейнебақылау жүйесі ұйымдастырылған.

2. Төтенше жағдайлар қызметімен байланыс

  • Өрт қауіпсіздігін сақтау және оқушылардың әрекет ету дағдысын қалыптастыру мақсатында жылына екі рет оқу-эвакуациялық жаттығу өткізілді;
  • Төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету алгоритмі педагогтер мен қызметкерлерге түсіндірілді;
  • Өрт сөндіру қызметі мамандарымен бірлесіп, қауіпсіздік бойынша нұсқама сабақтары өткізілді;
  • Мектеп ғимаратының техникалық жағдайына, электр сымдары мен өрт сөндіргіш құралдардың жарамдылығына жүйелі түрде бақылау жасалады.


3. Басқа қауіпсіздік қызметтерімен және құрылымдармен жұмыс

  • Мектеп медбикесі мен жақын маңдағы емхана мамандары оқушылардың денсаулығына бақылау жүргізіп, қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді;
  • Мектеп психологы мен әлеуметтік педагог оқушылардың эмоционалдық жағдайына бақылау жасап, суицидтің, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында жеке және топтық жұмыстар жүргізуде;
  • Ата-аналармен бірлесіп, оқушылардың мектепке қатынау қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелері және көше қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


№192 жалпы білім беретін мектепте қауіпсіздік мәселесі әрқашан басты назарда. Ішкі істер органдары, төтенше жағдайлар қызметі, медицина мамандары мен ата-аналар қауымдастығымен бірлесе жүргізілетін бұл жұмыс 1237 оқушыға қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Мұндай үйлесімді әрекет білім беру процесінің үздіксіз және тиімді өтуіне мүмкіндік береді.