«BIRGE TAZA QALA» атты жалпы қалалық сенбілік » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «BIRGE TAZA QALA» атты жалпы қалалық сенбілік
24
апрель
2021

«BIRGE TAZA QALA» атты жалпы қалалық сенбілік

Сенбіліктің қоғамның назарын  қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осы ретте қалыптасқан дәстүр бойынша Наурызбай ауданы, «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы 24 сәуір күні «BIRGE TAZA QALA» атты жалпы қалалық сенбілігін өткізді. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. 
Ауа-райы ашық болып, мектеп  ұжымы мектеп аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Метеп ауласын тазартумен қатар санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру және жасыл желектерді отырғызу жұмыстары да жүргізілді.
      Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, меткеп ұжымы сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.
Шара соңында қызметкерлер  естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты. Сөйтіп, білім ордасының ұжымы сүйікті қаламыз Алматы қаласын  абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты.
Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.