«Birge taza qala» атты сенбілік » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2021

«Birge taza qala» атты сенбілік

Табиғат - күллі тіршілік атаулысының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз.
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ" КММ-нің «Жас Отан» ұйымының мүшелері, мектеп жас мамандары, «Ардагерлер» ұйымының мүшелері, Ұйғыр диаспорасымен бірігіп «1-мамыр Халықаралық бірлік» күніне орай, 16 сәуір күні «Birge taza qala» атты сенбілік  іс-шара өткізілді. Ауа-райы ашық болып, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ықшам ауданы, Қарғалы өзеннің бойын тазалау  жұмыстары жүргізілді. Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды.