14
апрель
2021
«Taza qala - Almaty»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында "Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды" делінген болатын. Осыған орай, Наурызбай ауданында «Туған жеріңді түлет» атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Бұған аудан тұрғындары және Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектептің «Адал ұрпақ» , «Жас Ұлан», «Жас Отан» ұйымының мүшелері, ДТІЖО Мухатова Жумагул Омарбековна, Айып Гулжан Нурмаханқызы, 9 "А" сынып жетекшісі Джартаева Карлыга Ермекбаевна, 10 "А" сыныбының сынып жетекшісі Бралина Назия Ғалымқызы, мектеп аға тәлімгері Совет Көркемай Қайсарқызы, «Нұр Отан» ұйымының хатшысы Акадыкова Гулмира Мажитовна ауданымызды көгаландыру мақсатында ұйымдастырылған «Taza qala - Almaty» іс-шарасына белсене қатысты.

