Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовқа 150 жыл»
07
апрель
2021

«Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовқа 150 жыл»

2021 жылы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы атап өтіледі.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовқа 150 жыл» атты zoom платформасы арқылы 9-10 сынып оқушылары арасына дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді тәрбиелеп, әлемнің жекпе-жек шаршы алаңында жеңімпаз болған батыр, жеңілмейтін балуан туралы білімдерін жүйелеу. Оқушылардың назарына Қажымұқанның өмірі мен жетістіктері туралы  «Балалық шақ және жастық шақ», «Кәсіби дебют», «Батырдың ең әйгілі жекпе-жектері», «Ол майданға қалай көмектесті», «Қ.Мұңайтпасовтың шынайы және жалған рекордтары» атты көрменің виртуалды тұсаукесері ұсынылды. Іс-шараға мектебіміздің мектеп директоры Бираталаев С.К, директор тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мухатова Ж.О мен Айып Г.Н , ұлдар ұйымының жетекшісі Мухаметжанов Қ.М аға тәлімгер Совет К.Қ, әлеуметтік педагог Әмілбек А.А қатысты.