«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
20
март
2021

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал-мәтелдер. Оқушыларға мақал-мәтелдерді үйретіп ұғындыру, баланы көптеген жақсы қасиеттерге адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, жинақталған, өтімді түрде айтылатын күрделі ойдың қорытындысы, бейнелі тіл байлығымыз. Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мақал –мәтелдердің шығуына негіз болған. Мақал- мәтелдердің бала тәрбиесінде маңызы өте зор. Ал, жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Оқушы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйренеді. Дегенмен, мақал-мәтелді орынды қолдана білу, мағынасын түсіне білу де өнер. Наурыз мерекесі қарсаңында, «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі оқушылар арасында «Қазақстан балалары – көктем шақырады!» көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру барысында, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Джумашева Гүлмайра Темірғалиқызы  мектеп оқушыларымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын өткізді.
Сабақтың мақсаты:
 а) оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін табуға үйрету.
ә) Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл – ойын, сана сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.
б) Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата – баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.