«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»
10
февраль
2021

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті жасөспірімді тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ жоғарғы сынып оқушылармен тағылымдама ұйымдастырылды.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Тағылымдаманың мақсаты: Орта білім беру мектебінің бағдарламаларын іске асыратын арнайы пәндер мұғалімдердін, оқушыларға оқыту процесін жетілдіру. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Тағылымдама zoom платформасы арқылы өтті. “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбы бойынша оқушылардың сөз сөйлеуі, пікірталас және екі жақты жарыссөз, оқушылардың пікірлері және жалпы рефлексия – осының барлығы zoom платформасы арқылы дамыту шеңберінде сөзсіз өзекті және сұранысқа ие екендігін дәлелдеді. 

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Zoom платформасы арқылы  өтілген тағылымдама нәтижелі,қолайлы болды.