21
май
2024
"Батылдық бұрышы" ашылды
2024 жылдың 21 мамыр күні Наурызбай ауданындағы "Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ" КММ-де Ішкі Істер органдарындағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлерімізге арналған «Батылдық бұрышы» салтанатты түрде ашылды.
Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары Алматы полициясында 80-ге жуық қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тауып, олардың 34-сі қанды қол қылмыскерлердің қолынан мерт болды.
Олар өздерінің барлық жоспарлары мен үміттерін іске асыра алмай, бейбіт уақытта халқы мен Отаны үшін өз өмірлерін қиды.
Әріптестеріміздің ерлігі мен батырлығы құрметке лайық және еліміздің болашағы үшін қызметте жүрген барлық полицейлерге үлгі. Ішкі істер органдарындағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан полиция қызметкері Қожахметов Ерназ Жаманқараұлы есімін ел есінде мәңгілікке сақтау және жас ұрпағымызды патриоттық рухта тәрбилеу мақсатында - «Батылдық бұрышы» ашылды.
Іс-шараның басты мақсаты: жас ұрпағымызды паториоттыққа тәрбиелеу, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру және дамыту.
Біз Қожахметов Ерназ Жаманқараұлы және полиция батырларын мәңгілік есте сақтаймыз. Олар әрқашан біздің жүрегімізде қалады.