«МЕРГЕН» әскери-патриоттық жарыс » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «МЕРГЕН» әскери-патриоттық жарыс
07
май
2021

«МЕРГЕН» әскери-патриоттық жарыс

7-мамыр Қазақстан Қарулы күштері күніне орай мектебімізде аудандық мектеп оқушылары арасында оқушыларды Отансүйгіштікке, өз Отанының патриоты болуға, елін жерін сүюге және  қорғауға баулу мақсатында «МЕРГЕН» әскери-патриоттық жарысы болып өтті. Жарыс офлайн форматта, барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. 
Іс – шараға Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Нысаналиев Мирас Нурланович, Алматы қаласы Білім басқармасының әдіскері Ибраимов Кәдірбек Ражанұлы, Наурызбай ауданы бойынша Нұр Отан партиясының  І-орынбасары Жылқыайдаров С.К., Наурызбай ауданы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Қауызбаев Серген Рахимбаевич, Наурызбай ауданы бойынша ардагерлер орталығының спорт бөлімі төрағасы Айнакулов Бақыт Айнакулович қонақта болды. Жарыс барысында мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары сапта жүру жаттығуларын орындап, 4 «Г» сынып оқушысы Коняев Артур калашников автоматын болшектеп жинау бойынша өнерін көрсетті. Жарыс кезінде  оқушылар калашников автоматын уақытқа шашып жинау, нысанаға көздеп ату, автоматтың оқжатарын уакытқа жинау сияқты сайыстар бойынша сынға түсті. Нәтижесінде №192ЖББМ мектеп жүлделі І-орынмен, №174МГ ІІ-орынға ие болса, №157 ЖББМ ІІІ-орынға ие болды. 
9 – мамыр қарсаңында өткізілген іс -шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза болған ардагерлерге арнап мемориалды ескерткішке гүл шоқтары қойылып, 1-минуттық үнсіздік жарияланды.