"Ешкім де ешқашан ұмытылмайды" » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ешкім де ешқашан ұмытылмайды"
08
май
2024

"Ешкім де ешқашан ұмытылмайды"

Рахым Сәрсенбин атындағы №192 мектебімізде “Ешкімде ешқашан ұмытылмайды” атты Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету шарасы өтілді🎖️ Қымбатты отандастар,ардақты ардагерлер!🎗️Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Шын жүректен зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ әрі жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін! Отбасыңыз аман болсын, тыныштық орнаған заман болсын!

Бүгінгі ұрпақ ардақты ардагерлеріміз танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Ерлікпен жеткен Жеңіс күні тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қалатыны сөзсіз. Баршаңыздың деніңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Жеңіс Күні – қуанышқа толы һәм көңілді құлазытатын мейрам. Жеңіс күні халықтың бірлігі мен ерлігінің, даңқының жарқын көрінісі болып қала бермек. Жер бетінде тек бейбітшілік болғай!