«Біз болашаққа жауаптымыз»
Адам баласы туылып, жарық дүниеге келген күннен бастап табиғатпен біте қайнасып өмір сүреді. Адам үшін табиғаттың тамылжыған келбеті жанға шабыт, санаға терең ой, дертке қуат, көңілге шуақ сыйлайды. Табиғаттың үнін ұғып мұңын түсінбеу адам баласына жат қылық. Табиғатқа деген рухани - саналы қарым - қатынасты құрастыру, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдеу, оқушылардың экологиялық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың ғылыми - теориялық негізін