«Біз болашаққа жауаптымыз» » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2021

«Біз болашаққа жауаптымыз»

Адам баласы туылып, жарық дүниеге келген күннен бастап табиғатпен біте қайнасып өмір сүреді. Адам үшін табиғаттың тамылжыған келбеті жанға шабыт, санаға терең ой, дертке қуат, көңілге шуақ сыйлайды.
Табиғаттың үнін ұғып мұңын түсінбеу адам баласына жат қылық.
Табиғатқа деген рухани - саналы қарым - қатынасты құрастыру, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдеу, оқушылардың экологиялық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың ғылыми - теориялық негізін экологиялық тұрғыда түсіндіріп, оқушының өз өлкесіндегі, жалпы дүниедегі табиғатқа деген парасатын, жауапкершілігін арттыра отырып, амның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын ұстану, өмірдің мәні мен экологиялық проблеммаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақстаында «Рахым сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 26 сәуір күні  мектеп оқушыларына «Біз болашаққа жауаптымыз» атты Экологиялық білім беру апталығының ашылуы өткізілді.