"Құрақ құрау" » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2021

"Құрақ құрау"

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі - қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында "Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектебімізде мектепалды даярлық тобының оқушысы Жанахмет Әмина Мерейқызы анасымен бірге Қазақ халқының қолөнерінің бірі - құрақ құрау өнері туралы түсініктеме бере отырып, тәрбие мен білім негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын,өнер мен мәдениетін,тілін,әдет-ғұрпын, ата-салтын, халықтың қалпын жоғалтпау мақсатында құрақ құрау әдісін назарларыңызға ұсынады.