Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бірлік бар жерде – тірлік бар»
30
апрель
2021

«Бірлік бар жерде – тірлік бар»

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дархан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды – ынтымақ» дейді халық даналығы. Осы орайда, «Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ»КММ-ның 5"В",5"Г" сынып оқушылары барша Қазақстандықтарды мерекесімен құттықтады.
Жетекшісі Дәрмен Көрпеш Жанасқызы