Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2021

«Сыңғырла соңғы қоңырау»

Бүгін кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. 11 - сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. «Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ-де пандемияға байланысты zoom платформасы арқылы «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жинды мектеп директоры Бирталаев С.К бастады. Құттықтау сөз кезегін 11 «Б» сынып оқушыларының алғашқы ұстазы Усенова Светлана Алимовна және ата-аналар атыннан құттықтау сөзді Шегирова Лейла Букенбаевна өз ізгі тілектерін білдірді.