Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
22
май
2021

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес, 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында 22.05.2021ж жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы болып өтті. Мақсаты: ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021ж оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата-анасының педагогтармен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей-тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру.                                               
Жиналыс, мектебімізде 9-сынып оқушыларының ата-аналарына офлайн форматта қашықтықты сақтай отырып, барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер жан-жақты талқыланып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Жиналыс кезінде мектебіміздің педагог-психологы Акадыкова Г.М. "Бала бақыт бастауы, отбасы -алтын діңгегі" тақырыбында ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді. Сонымен қатар ата-аналарға бала- тәрбиесіндегі 14 кеңес атты видеоролик көрсетіліп жадынамалар таратты.