Оқушылар жетістіктері » Страница 5 » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қыл қалам шеберлері"
15
апрель
2022
"Қыл қалам шеберлері"
"Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Қыл қалам шеберлері" байқауының жеңімпаздары.
Мұқағали Мақатаев оқуларында «Айтып өткен ақында арман бар ма?»
06
апрель
2022
Мұқағали Мақатаев оқуларында «Айтып өткен ақында арман бар ма?»
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының жоспарына сәйкес ауданымызда өткен 7-11 сынып оқушылары арасында қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаев оқуларында «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша мектебіміздің 9 «Д» сынып оқушысы Сәулетқызы Амина ІІ - дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джартаева Қарлыға Ермекбаевна
"Ең Үздік ғылыми жобаға”
04
апрель
2022
"Ең Үздік ғылыми жобаға”
“Ұлт ұстазы”, көрнекті ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА» байқауына қатысып ІІ турға өткендігімен және  "Ең Үздік ғылыми жобаға” енгендігімен мектебіміздің  9 "Д"оқушысы Саулетқызы Әмина дипломмен марапатталды, сондай-ақ, жетекшісі география пәні мұғалімі Серикбаева Жарқын Жумабековна байқауға үздік шәкірт тәрбиелегені үшін алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз💐💐💐
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығына экскурсия
26
ноябрь
2021
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығына экскурсия
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" мерекесіне орай Наурызбай ауданы мектептерінің арасында өткен тұлғалық даму марафонына қатысып, белсенділік танытқаны үшін мектебіміздің 11 "А" сынып оқушылары, мектеп Президенті Елеу Жәңгірхан Нұрланұлы, сондай-ақ, мектебіміздің вице-Президенті Сарикова Адэль Әділжанқызы мадақтамамен марапатталып, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыруымен Шамалған ауылындағы Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына экскурсияға барды.