Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"АЙНАЛАЙЫН" фестиваль
14
апрель
2023
"АЙНАЛАЙЫН" фестиваль
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасындағы өткізілген «АЙНАЛАЙЫН» қалалық фестивалінде  мектебіміздің 7-сынып оқушысы Мураталды Сафинур «Жас Дарын» номинациясымен марапатталды.  Жетекшісі: Айып Гүлжан Нұрманқызы Құттықтаймыз!
"Алтын күз-2022" байқауы
23
ноябрь
2022
"Алтын күз-2022" байқауы
Ағымдағы жылдың 23-қараша күні мектебіміздің "БОЛАШАҚ" "Өзін-өзі басқару" ұйым оқушыларының ұйымдастыруымен "Алтын күз-2022" байқауы болып өтті. Байқауға 9-11 сынып оқушылары қатысып "Күз Ханы" мен "Күз Ханшайымын" анықтадық. Алаулы шараның соңында қатысушы оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Мереке ХІХ ғасырдағы киім үлгісімен өткізілді.
Республика жеңімпаздары
17
ноябрь
2022
Республика жеңімпаздары
Мектебіміздің мақтаныштары   Республикалық ДЗЮДО спорттық сайыс бойынша Ерсұлтан Ибраймжанов жүлделі І-орынмен,  Жуман Арнур жүлделі І-орынмен,  Мухамет Акыл жүлделі ІІ-орынмен мараппатталды. 
FEST АЛТЫН КҮЗ
16
ноябрь
2022
FEST АЛТЫН КҮЗ
Республикалық FEST АЛТЫН КҮЗ атты жас өнерпаздар байқауында аспапта ойнау Caйысы бойынша ұлттық музыкалық аспабымыз домбырадан өнер көрсетіп жүлделі II- орынға ие болды. Қатысқан оқушыларымыз Мысыр Айзере, Жұмаш Мерей, Серік Шерханды және жетекшісі Жакупова Гаухар Разаковнаны жеңістерімен құттықтаймыз!!!
"МЕН КӨШБАСШЫМЫН"
14
ноябрь
2022
"МЕН КӨШБАСШЫМЫН"
"МЕН КӨШБАСШЫМЫН" атты білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слеты аясында Наурызбай ауданының және мектеп намысын қорғап келген оқушылар Жұмахан Алина 11 "Ә"сынып оқушысы   мен Жансерік Алихан 11 "А" сынып оқушысы  ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Наша гордость ученик нашей школы 6 "в" класса Газиев Анвар занял 3 место по волной борьбе в городских соревнлваниях .
10
ноябрь
2022
Наша гордость ученик нашей школы 6 "в" класса Газиев Анвар занял 3
Наша гордость ученик нашей школы 6 "в" класса Газиев Анвар занял 3 место по волной борьбе в городских соревнлваниях .
Республика жеңімпазы
07
ноябрь
2022
Республика жеңімпазы
Кәсіпқой бокстан WBC (ABC) WBA, WBO Global орта салмақта чемпиондық белбеулердің иегері А.Ербосынұлының Жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы  Республикалық ашық жарыстан мектебіміздің мақтанышы 9 "Д" сынып оқушысы Байменов Олжас жүлделі ІІ-орынға ие болды.
“Алматы дарыны”
27
октябрь
2022
“Алматы дарыны”
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы білім беру мекемелері арасында 2022-2023 оқу жылында мектеп парламенттері көшбасшыларының аудандық слеті өтті. Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшесі мектеп вице-президенті Оспан Айбек мектебіміздің намысын қорғап келді. Ендігі кезекте Айбек қалалық слетқа дайындалу үстінде. Жетекшісі: Серикболатова Мадина Даулетовна
Спорт жеңімпаздары
25
октябрь
2022
Спорт жеңімпаздары
25-қазан Республика күніне орай Наурызбай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген аудан оқушыларының арасында футболдан және ұлттық ойындар бойынша спорттық жарыстар болып өтті. Мектебіміздің оқушылары футболдан ІІІ-орын, арқан тартыс бойынша ІІІ-орын, бес асық ұлттық спорт түрі бойынша жүлделі ІІ-орынға ие болды. Жетекшісі: Мухаметжанов Қанат
Спорттық жетістіктер
13
октябрь
2022
Спорттық жетістіктер
Наурызбай ауданы білім мекемелерінің оқушылары арасында ұйымдастырылған футбол жарысы бойынша мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары жүлделі ІІ-орынға ие болды. ⚽️🥅🏆 Жаттықтырушысы дене шыныңтыру пәні мұғалімі: Базтай Саят