«Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан» » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан»
29
апрель
2022

«Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан»

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ»КММ-де  тәрбие жұмысының жоспарға сәйкес «Жас Қыран» ұйымының мүшелері бастауыш 1-4 сынып оқушылар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 27 жылдығына орай «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан» фестивалі өтті.

Шараның мақсаты еліміздегі халықтар достығын, олардың  тарихын, мәдениетін  жас ұрпаққа насихаттап, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, өзге халықтардың дәстүрін құрметтеуге үйрету.

Фестивальді ұйымдастырушылардың негізгі идеясы керуен арқылы татулығымен, ынтымағы жарасқан Қазақстан елін көрсету. Балалар Қазақстанның кең байтақ жерін мекен еткен ұлттардың салт-дәстүрімен, мәдени құндылықтарымен етене танысып, көргендерін көңілдеріне түйді. 
Қазақ жері бүгінде тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, арманы ортақ өзге  ұлттардың жерұйығына айналды.