«Тоғызқұмалақтың тағылымын көрсету – басты міндет» » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тоғызқұмалақтың тағылымын көрсету – басты міндет»
04
сентябрь
2021

«Тоғызқұмалақтың тағылымын көрсету – басты міндет»

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Қазақ халқының ұлы ғұламалары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған екен. Ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі болған бұл ұлттық ойынымыздың тереңге тартқан тарихы бар.
Мектебімізде әр сенбі сайын спорттық үйірмелер үздіксіз жүргізілуде соның бірі, Дене шынықтыру пәні мұғалімі Сайранбекова Қымбат Сайранбековна 5 сынып оқушыларына «Тоғызқұмалақтың тағылымын көрсету – басты міндет» тақырыбында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырларымен таныстырып, ойынның ережересін үйретті.