Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қауіпті жағдайлар және сыпайы бас тарту» тақырыбында профилактикалық жұмыс
03
декабрь
2025
«Қауіпті жағдайлар және сыпайы бас тарту» тақырыбында профилактикалық
2025 жылғы 2–3 желтоқсанда 9-сынып оқушыларымен «Қауіпті жағдайлар және сыпайы бас тарту» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – қауіпті жағдайларды тану және қысымға қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру болды. Жұмыс барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, рөлдік ойындар арқылы сыпайы бас тарту тәсілдері үйретілді. Нәтижесінде оқушылар қауіпті жағдайларды ажыратып, өз қауіпсіздігін қорғау дағдыларын меңгерді. 
«Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» тақырыбында баяндама
26
ноябрь
2025
«Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» тақырыбында
  2025 жылғы 25–26 қарашада 1–11 сынып оқушыларына «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» тақырыбында баяндама өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды. Баяндама барысында зиянды әдеттер, интернет қауіпсіздігі және буллинг тақырыптары қарастырылды. Нәтижесінде оқушылар қауіпсіздік мәдениетін түсініп, жауапкершілік сезімін арттырды.                 
«Мен буллингке қарсымын» тақырыбында сурет байқауы
21
ноябрь
2025
«Мен буллингке қарсымын» тақырыбында сурет байқауы
2025 жылғы 18–22 қарашада 7–9 сынып оқушылары арасында «Мен буллингке қарсымын» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – буллингке қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыйластықты насихаттау болды. Оқушылар өз жұмыстарында достық, бірлік және мейірімділік тақырыптарын бейнеледі. Нәтижесінде қатысушылардың буллингке қарсы ұстанымы нығайып, жағымды құндылықтары дамыды.
«Мейірімділік толқыны» челленджі
14
ноябрь
2025
«Мейірімділік толқыны» челленджі
  2025 жылғы 11–15 қарашада 8–10 сынып оқушыларымен «Мейірімділік толқыны» челленджі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін қалыптастыру және буллингтің алдын алу болды. Челлендж барысында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, мотивациялық хаттар жазды және буллингке қарсы ұрандар білдірді. Нәтижесінде сыныптағы өзара сенім артып, жағымды психологиялық ахуал қалыптасты.               
«Қыран елім-Қазақстаным!»
13
ноябрь
2025
«Қыран елім-Қазақстаным!»
13 қазан күні «Қыран елім-Қазақстаным!» тақырыбында әнұран орындаудан флешмоб ұйымдастырылды.  Әлеуметтік желі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DPyayJTDKHb/?igsh=bGZ4emM4bmQxcDFt
«35» игі іс акциясы
05
ноябрь
2025
«35» игі іс акциясы
«35» игі іс акциясы:қарттар мен ардагерлерге көмек акциясы  негізінде мектеп әкімшілігі мен өзін-өзі басқару ұйымы қарттар үйіне барып, мерекелік көңіл-күй сыйлап, қамқорлық көрсетті, 10 сынып оқушылары да сынып жетекшілерімен қарттар үйіне барып, көмек қолдарын созып қайтты. «Жас сарбаз» ұйымы аудандағы еңбек ардагерінің үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, көмектесіп қайтты.  Әлеуметтік желі сілтемесі:  https://www.instagram.com/reel/DP9R1ydDDXe/?igsh=eXQ4NGs0bzR3dGE0 
«35 жылдыққа -35 ағаш»
25
октябрь
2025
«35 жылдыққа -35 ағаш»
Республика күнін және Мемлекеттің егемендік туралы деклорациясының 35 жылдығын мерекелеуге арналған жоспар аясында мектебімізде «35 жылдыққа -35 ағаш» атты экологиялық және тәрбиелік мәні зор акция өткізілді.
«Ұлттық тағамдар» фестивалі
24
октябрь
2025
«Ұлттық тағамдар» фестивалі
24 қазан күні жоспарға сай, «Ұлттық тағамдар» фестивалі өтті. Сондай-ақ мерекелік концерт ұйымдастырылды.  Әлеуметтік желі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DQHGmFvDNGN/?igsh=MXVseWh6cnVrbXA0dw==