26
ноябрь
2025
«Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» тақырыбында баяндама
2025 жылғы 25–26 қарашада 1–11 сынып оқушыларына «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» тақырыбында баяндама өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды. Баяндама барысында зиянды әдеттер, интернет қауіпсіздігі және буллинг тақырыптары қарастырылды. Нәтижесінде оқушылар қауіпсіздік мәдениетін түсініп, жауапкершілік сезімін арттырды.