«Экология мәселесі»
Экологиялық мәселелерге келешек ұрпақтың назарын аудару мақсатында «Болашақ» дебат клубының қатысуымен экология және демография мәселесі бойынша «Экология мәселесі» атты тақырыпта дебат ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар халық санының өсуі мен экологиялық проблемалардың байланысын, мемлекет саясатының әлемдік экологияға әсерін талқыға салды.
Ойын нәтижесінде «Халық санының өсуі әлемдік экологияға кері әсерін тигізеді»- деген позицияны ұстанған үкімет фракциясы жеңіске жетті.
Бұл іс-шара жастар арасында тіл тазалығын дамытатын, өз ойын түсінікті, әрі аргументативті түрде жеткізуге бағыттайтын дебатқа деген жаңа мектеп мүшелерінің қызығушылығын тудыруда да септігін тигізді.
Болашақ ұрпақтың бойында қоршаған ортаға деген жанашырлық қасиеттің болуы шарт және сол дағдыларды дамытуда ат салысу – әркімнің парызы.