«Көңілді старт» спорттық эстафета » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көңілді старт» спорттық эстафета
04
ноябрь
2021

«Көңілді старт» спорттық эстафета

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде  кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен
мұғалімдері арасында «Көңілді старт»  спорттық эстафеталық  іс-шарасы өтті. 

Мектеп оқушыларының  күзгі демалысы кезінде өткізілген бұл жарыс ұстаздарды ұжымшылдыққа, ортақ мақсатқа жұмыла білуге баулып қана қоймай, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстануға шақыратыны сөзсіз.

Әр бірлестіктен құралған «Жалын», «Тұмар», «Адреналин», «Сұңқар», «Қыран» эстафеташы командаларға бәсеке алдында мектеп директоры Бирталаев Саян Кадырович сәттілік айтып, сайыста шын мықты жеңімпаз болуына тілектес болды.

Жарыс қорытындысы бойынша,  ең көп ұпай жинап Бас жүлдені “Сұңқар” командасы иеленді.
I-орын “Адреналин” командасы.
II-орын “Тұмар” командасы.
III-орын “Жалын” командасы.

Жеңімпаздарымыз кубокпен және дипломмен марапатталды. 
Жауапты: мектебіміздің деңе шынықтыру пәні мұғалімдері