"2 – сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні" » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "2 – сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні"
02
апрель
2021

"2 – сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні"

🟦🟦🟦🟦🟦🟦🟦🟦🟦🟦
Қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі – аутизм. 
Бала аутизмі – бұл сан қырлы бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі синдромының негізгі және міндетті үш белгісін ерекшелейді:
1. Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары;
2. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;
3. Тәртіптің стереотиптік түрлері. 
Аутизм – ми жұмысының бұзылуынан туатын ауру.

Елімізде бұл ауру туралы ақпарат аз, ал дертпен күресіп жүргендер көп. 2 – сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күніне орай мектебіміздің педагог-психологы Бралина Назия Ғалымқызы 10 "А" сынып оқушыларына психологиялық кеңес беріп, аталмыш дерт туралы ақпаратпен бөлісті.