«Қауіпті жағдайлар және сыпайы бас тарту» тақырыбында профилактикалық
2025 жылғы 2–3 желтоқсанда 9-сынып оқушыларымен «Қауіпті жағдайлар және сыпайы бас тарту» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – қауіпті жағдайларды тану және қысымға қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру болды. Жұмыс барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, рөлдік ойындар арқылы сыпайы бас тарту тәсілдері үйретілді. Нәтижесінде оқушылар қауіпті жағдайларды ажыратып, өз қауіпсіздігін қорғау дағдыларын меңгерді.