15
май
2021
Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі
👨👩👧👦 Отбасы – шағын мемлекет. Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Жанұя – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған.
Осы ретте, Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектептің 10 "А" сынып оқушылары 15 Мамыр - Халықаралық Отбасы күніне орай "Ұрпақ жақсысы- ұядан" тақырыбында бейнероликтерін назарларыңызға ұсынады.
Сынып жетекшісі: Бралина Назия Ғалымқызы