«Жаңартылған білім - болашақтың кепілі» » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңартылған білім - болашақтың кепілі»
05
апрель
2021

«Жаңартылған білім - болашақтың кепілі»

📚📝Мектепте, ғылым саласының қай-қайсысынан болмасын, берілетін білімнің негізі бастауышта қаланады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.  «Білім негізі – бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы атасы – бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.   

Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектепте ағымдағы жылдың 5 сәуір күні бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім - болашақтың кепілі» тақырыбында онкүндік бастау алды. 

Осы онкүндік апталығында әр ұстаз өзінің жаңа еңбектерімен, жинақтаған тәжірибелерін ортаға салып, пәндер бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын қашықтықтан өткізіп, әріптестерімен ой бөліспекші.