Рахым Сарсенбин » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2020

Рахым Сарсенбин

Рахым Сарсенбин – сән және қолданбалы өнер шебері, педагог, Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі (1958). 1938-40 ж. Қазіргі ҚазҰПУ-да оқыды. Алматы облысының Қарасай ауданындағы қазақ орта мектебінде мұғалім (1940-58) болған. Ол көптеген әсем ою-өрнек жасаған. Алматы қаласындағы жазушы–ғалым М.Әуезовтің мұражай–үйінің (1960) қабырғасы мен есік-терезе жақтауларын әшекейлеп безендірген. Оның ою-өрнек үлгілерін кезінде қалалар мен ауылдардағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы қабырғаларын әшекелеуге, мата, кілем тоқу фабрикаларында кеңінен пайдаланған. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. Қарағайлы орта мектебіне 1999 жылы 25 – мамырда Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім, атақты қоғам қайраткері – Сәрсенбіұлы Рахымның аты берілді.