"Адалдық сағаты" » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ноябрь
2023

"Адалдық сағаты"

“Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болу керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ” (Шәкәрім Құдайбердіұлы). ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖2023 жылдың 21 қарашасы күні Рахым Сәрсенбин атындағы №192 мектепте
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің магистранты Майлыбай Ерен мен Турарбек Мадияр 10 «А» сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу жолдары» тақырыбында  адалдық  сағатын өткізді. 
Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу  жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру;
 Өсіп келе жатқан ұрпақты тұрақты даму мақсаттарын қалыптастыруға тәрбиелеу, септігін тигізу. Соның ішінде әділетті, парасатты қоғамды қалыптастыруды ұйымдастыру;
 Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.