"Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз"
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.
Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салғаны сөзсіз.
31-мамыр "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай «Рахым Сәрсенбин атыдағы №192 ЖББМ»КММ-нің тарих пәні мұғалімі Турымбетова Жадыра 8-9 сынып оқушыларына "Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағылым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп олардың есімдерін құрметтеуге және ұмытпауға тәрбиелеу.