Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Open Air Спорт"
13
май
2022
"Open Air Спорт"
"Р ахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ"КММ-де "Алматы БАЛАFEST" балалар фестивалі бойынша "Open Air Спорт"  (Спорт және салауатты өмір салты ) байқауы бастауыш сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды. Спорттық байқау асық ату, футбол, стрибол бойынша өткізілді.  Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту;  
"Жас Қыран" және "Жас ұлан"республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымдарының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі
13
май
2022
"Жас Қыран" және "Жас ұлан"республикалық балалар-жасөспірімдер
2022 жылғы 13 мамыр  айында Оқушылар сарайында салтанатты залында "Жас Қыран" және "Жас ұлан"республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымдарының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті.Салтанатты қабылдау рәсімге «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ»КММ-нің 3-7 сынып оқушылары қабылданды.  Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты толеранттылық пен қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, балалардың білімге және өзін-өзі жетілдіруге
«Бояулар құпиясы»
12
май
2022
«Бояулар құпиясы»
Мектебіміздің 1-4 сынып оқушылары арасында  “БАЛАFEST” фестивалі аясында «Бояулар құпиясы» атты сурет көрмесі өтті.
"Судағы қауіпсіздік ережелері"
11
май
2022
"Судағы қауіпсіздік ережелері"
"Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ" КММ мектебінде 1-11 сынып оқушыларына "Судағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында судағы қауіпсіздік шаралары туралы жалпы мектептік түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: балаларда жылы мезгілде суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсінік қалыптастыру, судағы жазатайым оқиғалардың себептерін ашу, қауіп төнген жағдайда әрекет ету туралы түсінік беру, судағы мінез-құлықта сақтық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жауапты: сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі.
«Мектеп ауласын көгалдандыру»
10
май
2022
«Мектеп ауласын көгалдандыру»
«Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ»КММ-де «Алматы БалаFEST» фестивалі «Мектеп ауласын көгалдандыру» жобасы аясында оқушылар мектеп ауласын көгалдандырды. Жобаның мақсаты-мектеп жанында эстетикалық және экологиялық тартымды кеңістік құру, еңбекқорлықты, өз мектебіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және практикалық-бағдарлы оқыту қағидатын жүзеге асыру мақсатында жасыл желектер мен
«Оттан сақ бол!»
09
май
2022
«Оттан сақ бол!»
«Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ»КММ-де «Оттан сақ бол!» атты тақырыпта 8 сынып оқушылар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. #мектеппарламент  #өзінөзібасқару  # оттансақбол
«Елін қорғау – ердің ісі»
06
май
2022
«Елін қорғау – ердің ісі»
7 – мамыр отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – ердің ісі» тақырыбында эссе байқауынан ІІ орын алғаны үшін 8 «А» сынып оқушысы Қасымбек Даулетхан марапатталады. Жетекшісі: Джумашева Гулмайра Темиргалиевна
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»
06
май
2022
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»
«Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ-нің тәрбие жоспарына сәйкес «Адал Ұрпақ», «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 5-8 сынып оқушылар арасында  Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. [media=https://www.youtube.com/shorts/sRMXnBR6UM8]
"Жас құтқарушы"
05
май
2022
"Жас құтқарушы"
Мектебіміздің командасы аудандық "Жас құтқарушы" сайысында І-орынға ие болып,қалалық кезеңге жолдама алды. 
"Ұлы соғыс ардагерлеріне алғысымыз шексіз"
04
май
2022
"Ұлы соғыс ардагерлеріне алғысымыз шексіз"
Ұлы жеңіс күніне орай 8 “Ә” сынып оқушылары еңбек ардагері Аманиязова Амина апамызды құттықтап қайтты. Тыл ардагері өзінің ауыр соғыс жылдарында жасаған еңбектері туралы бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған соғыс жылдары туралы сұрақтарын қойды. Еңбекпен туылып еңбекпен шыңдалған 90 жастағы ардагер өзі ширақ, сөзі кұнды. Оқушылар барлық сұрақтарына жауап алды. Амина апамызға зор денсаулық тілейміз.  Сынып жетекшісі: Әділбек Ұлар