Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Нашақорлық және құқықбұзушылық»
16
ноябрь
2022
«Нашақорлық және құқықбұзушылық»
қараша айында «Нашақорлық және құқықбұзушылық» тақырыбында мектеп оқушыларымен балаларды зиянды заттардан бойларын аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында  жиналыс болып өтті. Жиналыс барысында мектеп медбикесі Мырзоян Дамира Бауыржанқызы «Темекінің құрамындағы зиянды заттар» тақырыбында видеоролик көрсетті. 
“ХХ ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар”
16
ноябрь
2022
“ХХ ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы
Ағымдағы жылдың 15-қараша күні мектебіміздің білікті ұстаздарының бірі Тұрымбетова Ж.А. “ХХ ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар” тақырыбында 9 “Ә” сыныбымен ашық сабақ өткізді.  Мақсаты:  ✅9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл  саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау; ✅9.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру;
«Жолда жүру ережелерінің маңызы неде?»
14
ноябрь
2022
«Жолда жүру ережелерінің маңызы неде?»
«Жолда жүру ережелерінің маңызы неде?»  тақырыбынды 2022-2023 оқу жылында 1-4 сынып оқушылары арасында мектеп испекторымен бірігіп жол ережелерін сақтамаған жағдайда қандай әрекеттерге әкеліп соғатыны жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"БОЛАШАҚ"дебат клубы 2022-2023 оқу жылы
14
ноябрь
2022
"БОЛАШАҚ"дебат клубы 2022-2023 оқу жылы
Мектебіміздің "БОЛАШАҚ"  дебат клубы оқушыларының қатысуымен 14-қараша күні жасөспірімдер арасында зорлы-зомбылық және қатыгездік мәселелерін талқылау  мақсатында пікірсайыс өткізілді.  Пікірсайыс барысында қатысушы екі топтың оқушылар белсенділік танытып мақтау қағаздарымен марапатталды.
"МЕН КӨШБАСШЫМЫН"
14
ноябрь
2022
"МЕН КӨШБАСШЫМЫН"
"МЕН КӨШБАСШЫМЫН" атты білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слеты аясында Наурызбай ауданының және мектеп намысын қорғап келген оқушылар Жұмахан Алина 11 "Ә"сынып оқушысы   мен Жансерік Алихан 11 "А" сынып оқушысы  ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Туған тілі -мәңгі өнеге айдыны"
11
ноябрь
2022
"Туған тілі -мәңгі өнеге айдыны"
Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына орай ақын өлеңдерінің мазмұны мен пішінін, оның лирикасындағы дәстүр мен жаңашылдықты оқушыларға таныстыру мақсатында мектебімізде бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.   Көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің жанашыры, діл майданының сардары ретінде репутация қалыптастырған ақын Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Репсубликасындағы Елшісі сияқты жауапты
"Өрт қауіпсіздігі"
10
ноябрь
2022
"Өрт қауіпсіздігі"
«Өрт қауіпсіздігінің алдын алу» 1 -11 сыныптарға бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 
"15-қараша Ұлттық валюта күні"
08
ноябрь
2022
"15-қараша Ұлттық валюта күні"
Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат бере отырып, басқа ел валюталарымен таныстыру және  жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру мақсатында 2 "Е" сыныбында "Ұлттық валюта" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.  сынып жетекшісі Исаева Ақмарал 
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ"
08
ноябрь
2022
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ"
   Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру,   ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту,  оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру, құқықытық мәдениетін көтеру мақсатын 8 сынып оқушылары арасында "Бала құқығы" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекші Касымова Жанна Жанабековна
«Ұлттық валюта – теңге»
08
ноябрь
2022
«Ұлттық валюта – теңге»
Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту мақсатында 2 "А" сыныбында «Ұлттық валюта – теңге»  тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. сынып жетекшісі: Жумаканова Индира Токтарбековна