«Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс»
25
февраль
2022

«Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс»

25 ақпан күні 10-сынып оқушы қыздарына «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: Қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Жолдыбай Ж.М. «Мектеп ережелері» тақырыбында, қыздар ұйымының жетекшісі Алиаскарова А.Н. «Қыздарға кеңес», мектеп педагог-психологы Бралина Н.Ғ. қыздарға «Өрмекші торы» тренингін өткізді.  Жиналыс барысында қыз балаларға өз бойынан өмірді қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу мақсатында кеңестер және мектеп тәртібін сақтау жайында айтылды. «Өрмекші торы» тренингі барысында оқушылар бір бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді. Қыздар тренингке белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді.