"Өзін-өзі басқару ұйымы" » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2021

"Өзін-өзі басқару ұйымы"

Бүгін, 16 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағалары, сонымен қатар еліміздегі әр мектептің Президенттерімен онлайн форматта республикалық вебинар өткізілді. Аталмыш вебинарға мектебіміздің вице-Президенті 11 "А" сынып оқушысы Сарикова Адэль Әділжанқызы қатысып, өз ойымен мектебіміздің барша оқушыларымен бөлісіп отыр ⤵️
"Бұл іс-шарада "Оқушыларды қалай мейірімділікке тәрбиелеу керек және білімге деген құштарлығын арттыру үшін не істеу қажет?" деген мәселе көтеріліп, ой талқылау жүргізілді. Еліміздің болашағы біздің қолымызда болғандықтан, орта білім беру комитетінің төрағалары Мектеп Президенттерінен өз ұсыныстарын айтуды талап етті. Әр президент өзінің идеяларын ұсынып, Министрлердің қолдауымен біз мынандай ортақ шешімге келдік:
1✅Мектептегі "Өзін-өзі басқару ұйымы арқылы игі іске үйретерліктей көптеген  марафондар және балалар қызығатын эстафеталар  ойлап табу;
2✅ Эмин Аскеровтың "ISEN" онлайн білім алу сайтын қолдану. Бұл  сайтта оқушы тіркеліп, онлайн видеосабақтарды тегін көріп, сол жердегі тапсырмаларды орындай алады. Орындаған тапсырмалары арқылы оқушы өзіне балл жинай алады және де жинаған баллына кішігірім сыйлық сатып ала алады. Ол мысалы: театрға билет немесе басқа да түрлі технологиялық заттарды сатып ала алады. Сонда оқушы балл жинау үшін тапсырмаларды дұрыс орындауға және сабақты зейінін салып оқуға тырысатын болады.

Бұл вебинардың маңыздылығы мен үшін жоғары болды, алдағы уақытта осындай іс-шаралар көптеп болса, нұр үстіне нұр болар еді"