Алматы қаласы Наурызбай ауданы комьюнити орталығы жұмысымен танысу » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Наурызбай ауданы комьюнити орталығы жұмысымен танысу
05
апрель
2024

Алматы қаласы Наурызбай ауданы комьюнити орталығы жұмысымен танысу

Бүгін мектебімізге  Алматы қаласы Наурызбай ауданы комьюнити орталығының қызметкерлері мектеп белсенділеріне және 9-10 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жастар саясатының басты мақсаты – әрбір жас алматылыққа қоғамда өз әлеуетін іске асыруға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға көмектесу. Ал, комьюнити орталықтар жастарды әлеуметтендірудің маңызды құралы болуға бағытталған. Орталықтың мақсаты – жастарды қызығушылықтарына қарай біріктіре отырып, бойындағы күш жігері мен әлеуетін өзіне, тиісінше қоғамға пайдасын тигізуге бағыттау. Сол себепті биыл жастардың уақытын бос өткізбеу үшін көптеген шаралар өткізу жоспарда бар екендігі айтылды. Қысқа мерзімді курстар, тілүйірмелері, шеберлік сабақтары және шығармашыл жастарға бөлек шаралар өткізілетіні жөнінде айтылды..