Наурызнама 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурызнама 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні
16
март
2024

Наурызнама 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні

Наурызнама 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні

«Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ»КММ -де Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» халықтық мерекені атап өтуге арналған онкүндік өткізілуде. Әр күн белгілі бір тақырып аясында өтуде. Соның бірі 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні деп аталады. Бұл тақырып аясында халық жадында сақталып, әлі желісін үзбеген «Тұсаукесер» ғұрыпынан 5 сынып оқушылары музыкалық-театрландырылған көрініс қойды. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, төл мәдениетіміздің алтын арқауы, ұлттық ұстанымын насихаттау. Асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жалпы халықтық сипат алуына ден қою, жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлт құндылығын насихаттау. Әдет-ғұрып салтымызды бүгінгі заманауи бағытта тұпнұсқаға сай мән-мазмұны, шығу тарихы, дамыту жолдарын саралап, қайта жаңғырған бай қазынамызға айналдыру. Ал қазақтың құндылығы оның салт-дәстүрінде.

Жауапты 5сынып жетекшілері: Касымова Ж.Ж, Жунусова М.М, Шамсуддинова Г.К

Похожие публикации:

17 март 2022 «Арқан тарту»
17 март 2022 «Гір көтеру»
16 март 2022 «Қол күрес»
16 март 2022 «Тымақ ұру»