22
февраль
2024
Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100 жасқа толуына және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35
Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні «Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100 жасқа толуына және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты іс-шара өтілді.
Іс -шарамыздың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов атамыздың өмір баяны және Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу