Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша дайындық жаттығулары » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша дайындық жаттығулары
11
сентябрь
2023

Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша дайындық жаттығулары

«Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мекетеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 11-қыркүйек күні мектеп оқушыларын және ұстаздарды жер сілкінісі салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардан сақтану үшін алдын алу шаралары өткізілді. Атаулы іс – шараға жалпы 449 оқушы және 55 мұғалім қатысты. Мектеп ғимаратының барлық дәліздерінде  жер сілкінісінің басталуы туралы шартты ескерту сигналы соғылды. Апаттық шығуларға жақын орналасқан сыныптар 3 минут ішінде эвакуацияланды. Қалған оқушылар мен оқытушылар мектептің дәліздеріндегі қауіпсіз орындарға ие болды. Сигнал тоқтатылғаннан кейін оқушыларды эвакуациялау және жинау 7 минут ішінде өтті.
Төтенше жағдай кезіндегі алдын алу бойынша жүргізілген іс-шараны Таипов Шамшедин Ахтамович бақылауға алды.