Мұражайға саяхат » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2023

Мұражайға саяхат

Оқушылардың бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткен аптада 6 «Б» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Жакупова А. және тарих пәнінің мұғалімі Маликова М. қалалық орталық мұражайына саяхат жасады. Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.
Біздің мақсатымыз- тарихи ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды шығармашылық өнермен және туған жеріміздің мәдениетімен таныстыру еді. Білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз