Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
октябрь
2022

Қарттарым асыл қазынам

28 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды "Халықаралық қарттар күні" деп жариялаған болатын. Сол уақыттан бері бұл мереке атап өтіліп келеді.  

Асылында бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Қазақ қариясын сыйлаған халық. Қарты бар үйдің қазынасы бар, - деген. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған. Ақындар жырына қосып, амандығын тілеген.  

 Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Атаулы іс шараға Қарағайлы ықшам ауданыңын қариялары жиналды.

Қарт кісілерке мектеп директоры Бірталаев Саян Қадірұлы бастап, Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің және мектебіміздің қамқоршылар кеңесінің төрағасы Каркенов Мәдениет Тастанбекович, Қарағайлы округі бойынша Ардагерлер ұйымының төрағасы Данылбаев Бекежан Бегайылұлы өздерінің ақ тілектерін білдірді. 

Іс-шараға  келген қонақтар, мектеп оқушыларынан құралған «Өзін-өзі басқару» ұйымы, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының оқушылары тарту еткен  концерттік бағдарламаларын тамашалап алғыстарын білдіріп, оқушыларға арнап бата берді.