28
сентябрь
2022
ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ, ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА
Ағымдағы жылдың 28 - қыркүйек күні «Рахым Сәрсенбин атындағы 192 ЖББМ» КММ - де, Алматы қаласы денсаулық басқармасының наркологиялық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.Кеңесбекова мен Наурызбай АПБ ЖПКБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Әсенов Медет Қанатұлымен “ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ, ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА” тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Мақсаты:
❗️Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіру.
❗️Салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.
❗️Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу.