Қайырымдылық акциясы » КГУ «ОШ №192 им.Рахима Сарсенбина»
Алматы қаласы
білім басқармасының
"Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон қабылдау:
+7(727) 388-90-74
Телефон есеп бөлімі:
+7(727) 308-08-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
сентябрь
2022

Қайырымдылық акциясы

 «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, оқушыларымыз жанашыр қамқоршы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
 Осы орайда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты  Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 2 қыркүйек күні орман өрті басталған болатын. Барлығы 2091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын жарақат алған. Экологияға қаншама зардап келіп, көптеген тұрғындар үйсіз қалды. Қостанай обылысына өмек көрсету мақтасына біздің мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары да қалыс қалмады. Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 08-қыркүйек күні, 5-11 сынып оқушылары арасына жәрмеңке өткізіліп, жиналған қаржылай көмек Қостанай облысына жіберілді. Осындай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.